881Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде Білім күні аталып өтті

Білім мен өнердің, мәдениет пен парасаттың, жаңашылдық пен дамудың бастауы болған білім ордамыз шәкірттерге құшағын айқара ашып, жаңа 2023-2024 оқу жылына аяқ басты. Арнайы мерекеге орай салтанатты шара ұйымдастырылып, 1 курс студенттерін ерекше көңіл күйде қарсы алды.

Салтанатты шарада жыл сайынғы дәстүрмен ҚР Конституция күні де ұмыт қалмады. Жиналған қауымды мерекемен құттықтай отырып, мемлекеттік Гимнді бірге орындады.

Мерекелік шарада сөз алған, «Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі» білім беру мекемесінің директоры Торы Азамат Қалманұлы студенттер үшін ерекше күн екенін, оқуда, ғылымда, мәдени, шығармашылық және қоғамдық қызметте, спортта барлық мүмкіндіктер әлемі ашылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, 20 жылдан аса студенттер жатақханасында тәрбиеші болып қызмет атқарған Гүлнар апамызды зейнетке арнайы алғыс хатпен марапаттап, сый-құрмет көрсетіп шығарып салды.

Білім күні қарсаңында әріптестеріміз де марапат төрінен көрінді. Шәкірт тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбегімен нәтижелі жұмыс көрсеткен ұстаздар қауымы университет ректорының арнайы марапатына ие болды. Шара соңы бой сергіту ойындар әлемімен жалғасып, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетелік, еңбек нарығының сұранысына сай әлеуетті кадр даярлау жолындағы білім ордасы Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі биыл 20 жылдық айтулы белесте.

882

883

884